Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 819

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Мастер-класс: Көбелек

Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады. Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Бунақденелі жәндік тұқымына жататын көбелектердің 157 000 түрі бар екен. Басқа да жәндіктер секілді көбелектер де көктемде тұқым көбейтеді екен. Осындай әдемі көбелектi біз бүгінгі үйірмемізде жасадық. Егер ұнаса бейнебаяннан қарап, жасап алуыңа болады.

0
0
333

Шыңғыс Айтматов «Атадан қалған тұяқ»

Оның әр шығармасын оқыған сайын кейіпкерлерімен бірге сол оқиғаны бастан кешіп жатқандай күй кешесің. Ал «Атадан қалған тұяқ» шығармасы-оның жарық дүниеге келгелі туған әкесін тұңғыш рет 5 жасында қаһарман ретінде кинодан алғаш танысуынан басталады. Фильм соғыс жайлы еді. Бірақ әкесінің роліндегі актер кинода жараланып қайтыс болады. Міне тек сол кезде ғана бала жоғалтудың қандай ауыр екенін қатты сезінеді. Әңгіме бейбіт аспан үшін басқалар өз жандарын аямай, бастарына түскен қиыншылыққа төтеп беріп, жан қиғандарды өз жүрегімізде мәңгі есте сақтауға үйретеді.

0
0
787

Ертегі толы дорба: «Күшік пен мысық»

Бұл балдырғандарға арналған хайуанаттар туралы ертегілер топтамасынан алынған, тілі жеңіл, қабылдауға оңай, танымдық ертегі. Ертегінің басты кейіпкері күшік өзімшіл, мақтаншақ мінезді. Бұндай жағымсыз қасиет адам бойында да кездесетін жағымсыз қасиет. «Өзін-өзі мақтаған өліммен тең» дегендей, ертегі бос мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады.

0
0
745

Кітаптарда демалыс жоқ

Кітап – білім бұлағы,

Өмірдің ол шырағы.

Кітапхана болсыншы,

Оқырманның тұрағы,- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз.

0
0
225

Әжемнің ертегілері: Тау, қаңбақ және бүркіт

«Тау, қаңбақ және бүркіт» ертегісі табиғат жайлы ертегі. Бұл ертегі «күшін жетпегенге қолыңды созба» дегендей, айла, өтірік, мақтаншақтық ұзаққа апармайтынын түсіндіреді. Сол себептен бұндай ертегілердің балаларға тәрбие жағынан берері мол. Сондай-ақ осы және алда тағы оқылатын бес ертегідегі сұраққа дұрыс жауап берсең сені құпия сый күтетін болады.

0
0
473

Ойла: Кенжеғали Сағадиев

Бұл кітапта мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғалымдарының докторы, профессор, академик К. Сағадиевтің 75жылдығына орай мақалалар мен сұхбаттар, ғылыми айналымға алғаш енгізілген мұрағат құжаттары, фотосуреттер, сондай-ақ замандастарының, дос-жарандары мен шәкірттерінің жүрекжарды лебіздері топтастырылған.

0
0
253

Мастер-класс: Қызғалдақ гүлі

Қызғалдақ– лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның әдемілік символы болып саналады. Осындай әдемі гүлді біз бүгінгі үйірмемізде жасадық. Егер ұнаса үйірмеден қарап, жасап алуыңа болады.

0
0
282

Балаларға базарлық: Пойыз

«Балаларға базарлық» айдары Серікбай ағамыздың «Пойыз» өлеңімен толықты. Кішкентай бала тіліне жеңіл, қабылдауына оңай бұндай тәтті өлеңдер қашанда өз оқырманын таппақ. Бұл өлеңдерді тыңдап, жаттап алып ата-анаңды, әжеңді, атаңды қуантуға әбден болады. Өлең бала-бақша балаларына және бастауыш сынып оқушыларына арналған.

0
0
296

«Кітаптарда демалыс жоқ»

- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз.

0
0
447

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Құрметті оқырман, баршаңызды келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бұл бейнеролик өздеріңізге арналады.

0
0
1332