
Алтынсарин атындағы ОБЖК
@altynsaryn_obzhk_qst
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
111
жазбалар
4 813
пікірлер
140
тіркелуші
30
жазылымдар
2
рейтинг
111
жазбалар
4 813
пікірлер
140
тіркелуші
30
жазылымдар
2
Жүрек жылуы ғажайыпты жасай алады!

«Конституция – мәңгілік елдің бірік тұғыры»
Было рассказано о главном законе страны — Конституции РК, истории создания, из каких глав состоит.
Больше информации было дано о Разделе 2 «Человек и гражданин», где ребятам были разъяснены их права.
Например, право на жизнь (ст.15). Граждане Республики Казахстан обязаны сохранять природу и бережно относится к природным богатствам (ст.38), гражданам гарантируется бесплатное среднее образование в государственных учебных заведениях(ст.30) и др.
Затем желающие могли проверить свои знания, приняв участие в сказочной викторине. Ответив на вопросы викторины, можно было узнать, какие права сказочных героев были нарушены. Например: В сказке «Иван – царевич и Серый волк» братья убили Ивана – царевича, нарушив тем самым его право …(на жизнь и личную неприкосновенность) ст.15
«Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы»
Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.
Атаулы датаға орай Елбасы кітапханасы Қазақстанның гуманистік миссиясы – ғаламшарды жаппай қырып-жоятын қарудан босатып, ядролық қарудан азат әлем құруға арналған бейнеролик дайындады.
Әдеби бағдарлама: Салықбай Ә. "Ілияс мінген Қарагер"
Құрметті кітап сүйер қауым! Бүгін сіздердің назарыңызға жаңа топтамадан келген Әбділдабек Салықбай ағамыздың «Ілияс мінген Қарагер» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған кітабымен таныстырғалы отырмын. «Ілияс мінген Қарагер» атты әңгімесі 2016 жылы ХІ рет өткізілген Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінде «Дарабоз» сыйлығының Бас бәйгесін (Гран-при) жеңіп алды. Осындай керемет кітап сіздерді кітапханада күтеді сіздерді!
Ойла: Жұмасова К. С. «Психология»
Жұмасова Күлпаш Сақандыққызының кітабы. «Психология» баланы тәрбиелеу мен оқытудың, олардың дамуының жас ерекшеліктері туралы заңдылықтарын егжей-тегжейлі ашады. Кітапта сіз оқуды бекіту үшін тәжірибелік тапсырмаларды таба аласыз. Ол педагогикалық колледж студенттері мен балабақша тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері үшін қызықты болады.
Абайдың мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы
Қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай Елбасы кітапханасы бейнеролик дайындады. Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін байытып, оның ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын нағыз рухани игілігіне айналды.Ақын ретінде Абай қазақтардың суырып салма өнерінің тақырыбын кеңейтіп, оған түрлі жанр мен қалып енгізіп, классикалық поэзия деңгейіне көтерді. Абай Құнанбайұлының бай мұрасы әлемдік мәдениет тарихында тамаша құбылыс саналады. Көрнекті ойшылдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Абай аманаты» мақаласында былай дейді: «Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағд…
Абай - біздің бабамыз
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының талантты ақыны, философ – гуманист, композитор, көркен сөздің зергерлік шебері. Оның есімі Қазақстаннан тыс жерлерге де таныс. Біз ұлы Абайдың өмірі мен шыгармашылығына қатысты өз білімін тексере алатын тест — викторинаны ұсынамыз.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл – гүл.
#QAZAQSTAN30
Шеберлік сыныптары: Көбелек
Шығармашылықтың ең қызықты түрлерінің бірі - қағаздан жасалған аппликация. Бүгін сабақта біз түрлі-түсті қағаздан көлемді, жарқын «Көбелек» аппликациясын жасауды үйренеміз. Ол үшін бізге мына заттар қажет болады түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы және көбелектің дайын үлгісі. Мұндай әдемі көбелекті сыйлық ретінде беруге болады).
Әжемнің ертегілері: Екі лақ
Шопан атаның ақ лағы мен қара лағы бір күні «Бә-ә,-ә-ә! Мына жердің шөбі қандай тәтті еді» - деп жүріп, отардан адасып қалады. Ақ лақ ақылды, ал қара лақ болса керісінше ақ лақты түртпектеп «Ақ лақсың, ақымақсың!» - деп мазақтайтын. Бірақ бастарыңа іс түскенде сол ақ лақ өз ақылымен сол қиындықтан жол тауып, сол ақымақ дегендердің өздерін ақымақ қып қиын жолдан ойланып, ақылымен алып шығады.