Азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді.
«Nur Оtan» партиясы Алға аудандық филиалы мен партиялық бақылау комиссиясы «Дина» сауда дүкеніне арнайы барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізді.

Мониторинг нәтижесінде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде тіркелген бағаларға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының күрт қымбаттауы анықталған жоқ.

Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және дүкендегі тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болатынын айтты.
Мониторингтік топ сауда орталықтарындағы санитарлық эпидемологиялық талаптардың сақталуын ескертті. Халықтың медициналық маска, антисептикалық құралдарды пайдаланбаған жағдайда айыппұл төленетіні ескертілді.
