Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жастар – біздің болашағымыз. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс.Ақтау қаласында 38 мыңнан астам жастар өмір сүреді немесе халықтың жалпы санының 19,7% құрайды.Жастардың табысты қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайлар бар – білім алушылар саны жыл сайын өсіп келе жатқан колледждердің жеткілікті желісі.«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифттер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналасу және білім беруг…