Перейти к содержимому
aktau.nurotankz

aktau.nurotan.kz

@aktau.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 4 қарашаКазахстан, Актау

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

2 642

пікірлер

0

тіркелуші

23

жазылымдар

59

Тұрақты және әлемге ашық Қазақстан

Біз Елбасының көпвекторлы сыртқы саяси бағытын жалғастырамыз және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халықаралық бастамаларының өрісін кеңейтуге ықпал ететін боламыз.Ұлттық мүддені қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті нығайту және барлық елдермен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық орнату – сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары. Біз негізгі стратегиялық әріптестеріміз – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарымызды нығайтуды жалғастырамыз. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграция, ШЫҰ, БРИКС, ИКҰ елдерімен ынтымақтастықты дамыту жалғасын табады. Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне және трансұлттық қылмыстың өзге де түрлеріне қарс…

0
0
119

Біртұтас ұлт

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Қазақстанда қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің бірегей моделін қалыптастырды.Біз қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту саясатын жалғастырамыз. Партия Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, азаматтық бірегейлікке, тамыры терең тарихымызды, ұлттық мәдениет пен рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытуға негізделген қазақстандық патриотизмді дамытады. Әрбір адамның азаматтық жауапкершілігін күшейте отырып, этникалық, діни, нәсілдік, тілдік және гендерлік негіздегі кемсітушіліктің кез келген көрінісінің жолы кесіледі. Елбасы бағдарының сабақтастығын сақтай отырып, «Nur Otan» қоғамда, әсіресе оқушы жастар арасында, барлық азаматтардың бірін-бірі құрметтеу және теңдік құндылықтарын дамыту мен бекітуді жалғастырады. Біз проблемаларды ерте анықтау және ол…

0
0
131

Жауапты азаматтық қоғам

Ел дамуының аса маңызды факторларының бірі – ортақ мүдде жолында біріккен азаматтардың белсенділігі.Біз қоғамдық сараптама мен бақылау жүргізуді, азаматтық бастамалар мен онлайн-петицияларды дамытуды көздейтін «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдаймыз. Қайырымдылық туралы заң әзірленеді. Заңда оның тартымдылығы мен іске асуының ашықтығы қамтылады.Жауапты азаматтық қоғам – демократиялық дамудың және мемлекеттік басқару тиімділігінің негізгі факторы. Партиямыз «Жауапты азамат – Жауапты қоғам – Жауапты мемлекет» формуласы негізінде жалпыға бірдей жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынады. «Nur Otan» партиясы ел дамуының өзекті міндеттері мен мәселелерін шешуге азаматтық белсенділерді тартып, барынша жұмылдырады. Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құрылатын болады. Оның құрамына азаматт…

0
0
140

Әділетті құқық қорғау жүйесі

Конституцияда кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру – партияның басты міндеті.Құқық қорғау органдары азаматтардың заңды мүдделеріне қызмет етуі қажет, халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Полиция және прокуратура органдарында жұмыстың «сервистік» моделі енгізіледі. ІІМ, Бас прокуратураның аумақтық бөлімшелерінің басшылары халықпен ашық диалог құра отырып, жыл сайын есеп беру кездесулерін өткізеді. Құқық қорғау органдарының өкілеттіктері келесі қағидат бойынша нақты бөлінеді: полиция қылмыстарды анықтайды, прокурор тергеу шешімдерін қабылдайды және құқықтық баға береді, сот істі қарайды және түпкілікті шешім шығарады. Жергілікті полиция қызметінің жұмысында «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты енгізіледі. Учаскелік полицейлер өзіне тән емес функцияла…

0
0
130

Азаматтарға қызмет ететін мемлекет

Мемлекет пен қоғамның сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, ашықтық және есептік қағидаттары негізіндегі ынтымақтастығы – елдің тұрақты да үдемелі дамуының басты кепілі.Азаматтардың өмірін жақсартуға, заңның үстемдігін, мемлекеттің транспаренттілігі мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы – ұлт бірлігінің негізі. АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТ Біз азаматтар мен мемлекет арасында кері байланыс орната отырып, мемлекеттік аппаратты сапалы түрде трансформациялауды жалғастырамыз. Сайлауалды уәделерді тиімді іске асыру және мониторингілеу үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жалғасады, кері байланыстың онлайн құралдары кеңейеді, партиялықтармен өзара қарым-қатынастың жаңа заманауи форматтары енгізіледі. Партияның заңнамалық қызметі…

0
0
169

Ауқатты ауылдар

Бүгінде азаматтарымыздың 40%-тен астамы ауылда тұрады.Олардың еңбегінің арқасында Қазақстан қазіргі таңда өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып отыр. Біз ауылдың әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасаймыз. Ол үшін келесі шаралар іске асырылады: Стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын қатыстыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант) өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады. Жалпы АӨК-те 380 инвестициялық жоба іске асырылады. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа формаларын әзірлейміз, жалпы алаңын 2,2 млн. гектарға дейін жеткізе о…

0
0
154

Жайлы қалалар

Қалаларда, сонымен қатар шағын және моноқалаларда қолайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету әрқашанда партияның басты назарында болған.Қалаларда «ескі кварталдарды» реновациялау, сондай-ақ тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі жұмыстар қолға алынады. Үлескерлік құрылыс бойынша барлық проблемалық тұрғын үйлер салынып бітеді. Біз жауапсыз құрылыс компанияларының үлескерлік құрылысқа қатысу мүмкіндігін шектейтін заңдарға түзетулер енгіземіз. Облыс орталықтары мен шағын қалаларда жыл сайын инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін шамамен 18 мыңға жуық жер телімі бөлінеді. Қалалық қызметтерді, көлік жұмысын жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін «Smart City» тұжырымдамасы іске асырылады. Барлық облыс орталықтары мен республикалық м…

0
0
173

Тұрақты жұмыс орындары

Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс.Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту. Ол үшін келесі шаралар іске асырылады: Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында 700 мың адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласында 170 мың жұмыс орны ашылады. Ауыл шаруашылығында шамамен 100 мың жаңа фермерлік және отбасылық шаруашылық құрылады. Бұл арқылы 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз етіледі. IT-саласында жаңа компаниялар ашу есебінен 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту cекілді жалдаудың жаңа формалары енгізіледі. «Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылады. 130 мың жұмыссыз азамат 5…

0
0
138

Қуатты кәсіпкерлер

Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтеміз.Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады. Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі. 10 ірі туристік кластерді дамыту есебінен ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8%-ке дейін өседі. IT саласындағы деректерді өңдеу және сақтау бағытына инвестициялар 6 есе, яғни 500 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды, сонымен қатар 1000-нан астам жаңа IT-компаниялар құрылады. Жеке бизнес…

0
0
106

Орнықты экономика

Біз жеке меншікке қол сұғылмауды, ашық бәсекені, макроэкономикалық тұрақтылықты, қолайлы инвестициялық ахуалды және экономиканы әртараптандыруды қолдаймыз.Бұл – кәсіпкерлікті жандандыруға, инвестицияларды өсіруге, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар. Мемлекет орта таптың тірегі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның, жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ «Nur Otan» партиясы болашақ ұрпақ үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттік шығыстарды оңтайландыруға, Ұлттық қордан қосымша трансферттерді шектеуге ниетті. Біз әлеуметтік, сақтандыру қорларының және Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының қаражаты ескерілетін «кеңейтілген бюджет» енгіземіз. Ағымдағы м…

0
0
107