aktau.nurotan.kz
@aktau.nurotankz
Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
Әр елді мекен әзірленген бағдарламамен таныстырылды.
«Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы жобасы «Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымына таныстырылды.Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.Мәселен, партияішілік сайлау…
Тұрғындармен кездесу
ҚР Парламент Мәжіліс депутатына үміткер С.Мусабаев пен О.Казахбаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Қызылөзен ауылының тұрғындарымен кездесті.Тұрғындарға Партия елдің үмітін ақтап, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіріп, халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтындығын жеткізді.Сайлауалды бағдарламаны ауыл тұрғындарына насихаттап, сайлаушылар тарапынан түскен түрлі сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде: мал шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, балық шаруашылығын да дамыту, демалыс орындарына баратын жолдарды реттеу сияқты сұрақтар келіп түсті.Әр азаматтың жағдайы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, партияның білім беру, денсаулық сақтау…
“Баутин тұрғын үй”, “Түпқараған су жүйесі” қызметкерлерімен онлайн форматта кездесу өтті.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутатына үміткер – Казахбаев Оспанмен кездесу өтті.
"Белсенді қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
"Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Түгелқызы Жолдасова "Nur Otan" партиясы Саяси кеңес Бюросының қаулысы бойынша "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмысы жалғасуда
Бүгін аудандық сайлауалды штаб мүшесі – Жансая Құттымұратқызы Молдажанова өзінің инстаграм парақшасында тікелей эфирде түсіндіру жұмысын жүргізді.
Төмендегі сілтеме арқылы эфирді көре аласыз.
https://www.instagram.com/tv/CI2WSJQi8iL/...
"Есіктен есікке" акциясы
Облыстық мәслихат депутатына үміткер Н.Мағдатовтың сенімді өкілі "Есіктен есікке" акциясы аясында "JasOtan" ЖҚ белсенділерімен үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Қызылөзен ауылының үйлерін аралап, халыққа NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
Халықты құлақтандыру жұмысы одан әрі жалғасын табады.
Аудандық сайлауалды штаб мүшелері "ТеңізСервис" ЖШС мекемесіне барып үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Кездесу соңында барша қызметкерлерді 10 қаңтарда болатын сайлауға белсене қатысуға шақырды.
"Есіктен есікке" акциясы
"Есіктен есікке" акциясын Таушық ауылында жалғасын тапты. Штаб мүшелері "Jas Otan" ЖҚ белсенділермен қоса үйме-үй аралап, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Тұрғындар тарапынан партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасына деген оң көзқарас қалыптасып, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
