Мазмұнға өту
Toibiznes

TOi BiZNES.kz

@Toibiznes

Сайтта 2015 ж. 14 желтоқсанКазахстан, Алматы

Портал TOi BiZNES.KZ представляет поставщиков товаров и услуг в сфере развлечений, организации мероприятий и досуга, а самое главное привлекает клиентов возможностью найти всю информацию для проведения любого торжества на одной площадке! Единый портал TOi BiZNES.KZ работает по всему Казахстану, собирает и хранит актуальную информацию о контактах, отзывах, ценах, фотографиях ресторанов, банкетных залов, салонов красоты, цветов, подарков, магазинов и бутиков одежды для торжеств, event-агентств, артистов и ведущих. В социальных сетях Facebook, В Контакте, Instagram мы продвигаем TOi BiZNES.KZ, создаем группы, где рассказываем о Вас, о новостях в сфере развлечений, о местных новинках и мировых тенденциях в организации мероприятий. Клиент сможет без труда найти Вас, оформить заказ в режиме онлайн, задать Вам вопрос, сделать заявку, оставить отзыв, оценить уровень сервиса, поделиться информацией в социальных сетях.

рейтинг

100

жазбалар

216

пікір

1

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Эстрада жұлдыздары – тойда!

Қазақ эстрадасының жұлдыздары тойға шыға ма? Өнер иелерінің арасын «Той бизнес» пен «Шоу бизнес» дейтін екі түрлі ұғым алшақтатып жүрген жоқ па? Тойға кімдер көп шығады, кімдер тойға шықпайды? Осыған орай төмендегі сұрақтарымызды дайындап, тойдың қазанында қайнап жүрген бірнеше асаба-шоумендерге сұрау салдық. Тойда танымал эстрада жұлдыздарынан кімдерді көп кезіктіресіз? Ол жұлдыз неліктен үлкен сұранысқа ие? Тойда танымал эстрада жұлдыздарынан кім аз шығады? Себебі неде? Танымал емес қандай өнер иелерін көп кезіктіресіз? Оларды халық несімен бағалайды? Тойға мүлде шықпайтын эстрада жұлдызын атап көрсете аласыз ба? Тойға шықпауының себебі неде? Ерлан Құлшынбаев: 1) Бүркіт пен Аиша, Серікбол Сайлаубек, Абай Бегей, Сейфуллин Жолбарыс, Айгерім Қалаубаева, «Меломен» тобы, Нұрлан Еспанов, Нұрж…

0
0
1835

TOiBiZNES.kz — Еуропа және ТМД-ның таңдаулы жобалары тізімінде

TOiBiZNES.kz — Еуропа және ТМД-ның таңдаулы жобалары тізімінде

TOiBiZNES.kz еуропалық AlphaGamma бизнес-порталының мәлімдеуінше ең табысты стартап-жобалары тізіміне енді. Портал парақшасының бір айлық шолуында  біздің жоба Еуропа және ТМД елдерінің келешегі зор деп танылған ең таңдаулы жобалары арасынан орын алып отыр.

Жарияланған жобалар тізімімен толық танысу үшін:www.alphagamma.eu/entrepreneurship/alphagamma-startups-overview-june-2016/

0
0
343

TOi BiZNES.kz тауар белгісін ресми түрде тіркеді

Достар, жақсы жаңалықпен бөлісеміз! «TOi BiZNES.kz» интернет порталы тауар таңбасын ресми түрде тіркеді! Біздің мақсатымыз жобаны дамыту және елімізде ғана емес, шетелде де бренд танымалдығын арттыру. Бүгінде бізді Қазақстан танып келеді. Алдағы уақытта біз халықаралық нарыққа шығуды да жоспарлап отырмыз! Осыған орай, әріптестеріміз ұсынған тауарлар мен қызмет түрлерін жарнамалауға, мереке-думан ұйымдастырушыларға тауар және қызмет түрлерін іздеу сервисін дамытуға білек сыбана, мықтап кіріскенімізді атап өтпекпіз. Біздің басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады – Бір шертумен ТОЙ жасау! Ескертпе: Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі №456-I Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бап, 8-бөліміне сәйкес тауа…

0
0
593

Қыз ұзату

Қыз баласын құрметтеп, оң жақтан орын беретін халықпыз. Балиғат жасына толған соң, аялы алақанда мәпелеп өсірген аяулы бойжеткеннің де ұзатылар уақыты келеді. Енді ежелден келе жатқан салт-дәстүрге сүйенсек, қызының ұшқан ұядан ұзап кетуіне анасы әу бастап дайындалып, жасауын реттеп, сәукелесін дайындаса, әкесі тойдың қамына кіріседі. «Қыз жасауына» қазақ аса мән берген. Ол зергерлік бұйымдар, кілем, текемет, сәукеле, қымбатты киімдер, ыдыс-аяқ т.б. заттардан құралады. Тіпті, қыз жасауы берген қалың малдың бағасынан да артады. Сырға салу ертеден келе жатқан дәстүр. Көбіне текті жердің қызына өзгелер құда түсіп алып кетпесін деп алдын ала сырға таққан. Қызға сырға тақпас бұрын оның ата-анасының рұқсатын алады. Кейде жақсы араласатын достар ұл-қыздары бесікте жатқан кезінде құда болысып, сы…

0
0
4994

TOi BiZNES.kz «Тоймен бөлісті»!

Елбасының жарлығымен бекітілген 1-наурыз «Алғыс айту күні» қарсаңында Toibiznes.kz интернет порталы бастама көтеріп, Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен, «Қайырымды жандар» белсенді еріктілер тобымен бірлесіп 13-ақпан күні Алматыда «Той-мен бөліс» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Істің басын жақсылықпен бастау қанымызда бар қасиет. Нарыққа енді шыққан TOi BiZNES.kz компаниясы алғашқы жарнамаға бөлінген қаражатты қайырымдылыққа жұмсауға ниет етті. Ірі мал құрбандыққа шалып, құран оқытты. Жаңа іс бастаған жас кәсіпкерлерге, барша халыққа үлгі болуды мақсат тұтты. Шара басталардан бір апта бұрын әлеуметтік желілерде жас кәсіпкерлерге, халыққа үндеу жолдап, "Тоймен бөліс" қайырымдылық акциясы туралы видеоролик жарияланып, шарттары толық түсіндірілген. 13-ақпан күні TOi BiZNES.kz компания…

0
0
669

Тойдың төресі – Тәуелсіздік күні!

Мемлекетіміз осыдан 24 жыл бұрын дәл осы күні өзінің тәуелсіздігін жариялаған болатын. 24 жыл бірімізге ширек ғасырға жуық уақыт болса, біріміз үшін 8766 күн ғана. Аз ба, көп пе, осы уақыт ішінде Қазақстанымыздың жеткен жетістіктеріне баршамыз куәміз. Осы уақыт ішінде жүрегімізде болашаққа деген нық сенім ұялады. Тыныштық ту тіккен жерде ғана той тойлап, мерекені берекелі өткізіп, мағыналы ғұмыр кешу мүмкін екенін ұқтық.  Баянды болашақтың кепілі – тәуелсіздік екені жадымызға мықтап жазылды.

Басымызға бұйырған осы бақыттың баянды, мемлекетіміздің мәңгілік ел болуын тілей отырып, «TOi BiZNES.kz» порталы ұжымының атынан барша Қазақстандықтарды «көппен көрген ұлы той» — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

0
0
662