Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 2015 жылдың үздігі атанды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық басылым «Sports Illustrated» таңдауы бойынша 2015 жылдың үздік бапкері атанды.

Сондай-ақ, бұл аталымға Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо,  Тайсон  Фьюридің бапкері Питер Фьюри, өз ұлымен жұмыс істейтін аға Флойд Мейвезер және Скотт Куигг бапкері Джо Галлахер үміткер еді.

Нәтижесінде, басылым журналистері отандасымыз Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчесті таңдаған.

0
0
379

Жанат Чайкина: Біздің театр Тәуелсіздік мерекесіне үлкен абыроймен, табыспен келді

Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актерлері бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Актриса, «Құрмет» орденінің иегері Жанат Чайкина және актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев таңғы бағдарламаға келіп, ой-пікірлерімен бөлісті. «Кеңес одағы уақытында Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі атағын алғанмын. Содан бері міне, 25 жыл өткен екен. Еңбегімді елеп, «Құрмет» орденін алғаныма қуаныштымын»,-дейді Жанат Чайкина. Марапат алғандағы әсерімен Қуандық Қыстықбаев та бөлісті. «Осы марапатпен болдық, толдық емес. Бұл керісінше, бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді осы атаққа лайық болып, оны ақтау міндеті тұр»,-дейді актер. «Биылғы жыл біздің театр үшін өте табысты болды. Жуырда Атырау қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде «Көлең…

0
0
1586

«Таңшолпанда» — қолөнер шеберлері

Жанболат Тасболатұлы, Зият Берікұлы, Мұхтархан Атаханов Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қолөнер туындыларының көрмесін өткізіп қайтты. Ағаш шебері Жанболат Тасболатұлы, зергер Зият Берікұлы, ағаш шебері Мұхтархан Атаханов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шеберлер Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қолөнер туындыларының көрмесін өткізіп қайтты. «Абу-Даби қаласында халықаралық «Мәдени мұра» фестиваліне қатысып қайттық. Онда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ассамблея жылына орай үлкен көрме болды. Шарада бізге алғыс хат пен сертификат берілді. Қолөнер шеберлері Босния, Марокко, Египет, Ауғанстан және т.б. елдерден келді. Қазақтың өнері, қазақтың ұлттық тағамдары өзге елден кем емес екенін дәлелдеп қайттық»,-дейді Жанболат Тасбола…

0
0
877

«Таңшолпан» таңдайды!» байқауы жарияланды

Толық ақпаратты 8 (717) 2- 55-38-16 нөмірінен біле аласыздар.

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы кезекті байқауын жариялайды. 17-31 желтоқсан аралығында  тікелей эфирде 5-10 жас аралығындағы дарындардың бағын сынаймыз.

«Таңшолпан» таңдайды!» байқауында Сіздің де балаңыз топ жарып шығуы мүмкін.  Тікелей эфирге немесе WhatsApp нөміріне балаңыздың өнері жөнінде ақпарат жіберіңіз.

Толық ақпаратты 8 (717) 2- 55-38-16 нөмірінен біле аласыздар.

0
0
300

«Бірге таңдаймыз!». Жұмыртқаны сатып аларда ескеруге тиісті кеңестер

Жұмыртқа қабығы - таптырмас «калий көзі». Жұмыртқа - пайдалы ас. Оны таңдағанда алдымен сыртқы қабығына назар аударыңыз. Егер қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса, жұмыртқаның сапасыз болғаны. Жұмыртқа қабығы сондай-ақ, таптырмас «калий көзі». Негізінен кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрады. Мерзімі өтіп кеткенін тұзды суға салу арқылы біле аламыз. Асқа жарамдысы суға батып кетеді де, жарамсызы су бетіне қалқып шығады. Жұмыртқаның екі түрі болады: диеталық және асханалық. Тұтынушыға 7 күн ішінде жеткізілген жұмыртқа диеталық деп аталады. Оның сұрыпталу күні көрсетіліп тұрады және қабығында «Д» белгісі болады. Жұмыртқа түсінің тағамдық құндылығына қатысы жоқ. Ақ тауықтың жұмыртқасы ақ, қызыл күлгін түсті тауықтардың жұмыртқасының түсі қызыл болады. Жұмыртқаны…

0
0
734

Ұлттық арнада — «Ақ періште» драмасы

Фильм режиссері – Махсун Кирмизигюль.

Әли мен Решат ауру әкелерін емдету үшін  Стамбулға алып келеді. Миында қатерлі ісігі  болғандықтан Ахметтің химия-терапия арқылы емделуі керек еді. Алайда, емдік шараның ауырлығы қажытқан әке ауруханадан да, балаларынан да қашып кетеді.

Осылайша, қарттар үйінде тұрып жатады.     Азиз Акар, Сарп Апак, Фадик Севин Атасой басты кейіпкерлерін сомдаған драманы бүгін Ұлттық арнадан сағат 01:10-да тамашалай аласыздар.

0
0
590

«Ас болсында» — неміс асханасы

Сіз неміс халқының қандай тағамын әзірлей аласыз?

Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын немістердің дәстүрлі асына – ет тағамдарын және сан түрлі тоқаштар әзірлеу тән.  Еттен шницель, гамбургше филе, разбрат, шморбратен, шнельклопс және түрлі шұжықтар жасағанды жандары сүйеді.

Мереке күндері шошқа етінен дайындалған ас мәзірі немесе қырыққабат бұқтырылып салынған қаз немесе тауық әзірлейді. Немістер мұндай қырыққабаттың емдік қасиеті бар деп санайды.

Бір уақытта екі тағамды алмастыратын түстік ас: ет, ысталған тағамдар, шұжық қосылған қою көже – айнтопф неміс асханасына тән ерекшелік. Немістер сусындардың ішінен кофені сүйіп ішеді.

Сіз неміс халқының қандай тағамын әзірлей аласыз? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:35-те «Ас болсын!» хабарын көріңіз.

0
0
1614

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EURO-2016 турнирінің жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие. Бүгін Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жеребе тарту рәсімінің трансляциясы ертең сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады. Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие. Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сонымен қатар, турнир туралы «Road to France» атты 15 арнайы жоба көрсетіледі. Еске сала кетейі…

0
0
449

Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз

Кешті бүгін сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

Бүгін  елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың  сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.

Кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовскийдің айтуынша, шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді.

Айта кету керек, 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әншінің  «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын.

Кеш қонақтары – Индира Елемес және ресейлік танымал әртістер Тимати мен Нюша.

Концертті Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

0
0
852

«Ақ жауын» оркестрінің концертін көріңіз

Бүгін Ұлттық арнада сағат 15:15-те. Күй – өміршең өнердің бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттау, бүгінгі буынның санасына сіңіру бағытында «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің атқарып отырған еңбегі зор. Елбасының ұсынысымен өмірге келген «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің құрылуы турасында оркестр жетек­шісі – Қазақстанның Еңбек сіңір­ген әртісі, күйші-композитор Се­кен Тұ­рысбеков былайша еске алады. «Бірде Елбасымен бір кездескенімде «Секен, өз оркестріңді құрсаң қайтеді?», деген идея берді. Содан мен Елбасының бұл ұсы­нысын мақұл көрдім. Сөйтіп, кейін «Ақжауын» оркестрі дүниеге келді десем, артық айтқандық емес. Ұжымыммен Астанаға көшіп келуі­ме тағы да Нұрсұлтан Әбішұлы себепкер болған еді». Бүгін сол оркестрдің…

0
0
719