Баянауыл аудандық « Баянтау» — газетіне 85 — жыл
85 - жыл Кімге өмір тосып ыңғай арай алдан... Шәкірат Дәулетжанұлы Шалбаев Баянауыл аудандық «Жеңіс» газетінің редакторы болып тағайындалған тұста талай жылдар бойы құрсауланып, әбден қалыптасқан бірізділікке өзінше бір өзгеріс енгізбек болар газет жұмысына тың қаламгерлерді тартуға тырысты. Сол мақсатпен ол Алматыға барған сапарында Баянауыл тумасы, жас ақын, журналист Төлеген Мұқаевқа жолығып, оны «Жеңіс» газеті редакторының орынбасарлығына шақырады. Үйге көмектесуге уәде береді. Көп ұзамай Төлеген отбасымен Баянға көшіп те келді. Үй алып, жұмысқа кірісті. Бұл тұста мен де сол «Жеңіс» газетінде әдеби қызметкер едім. Жұмысқа жаңа-жаңа бас тыға бастаған кезім. Ал Төлегеннің ара-тұра өлеңдерін, очерктерін оқып жүрген мен таныстығым жоқ еді. Ел қатарлы сәлемдесіп, қызметіне қайырлы болсын а…