Мазмұнға өту
Murat_Nasimov

МҰРАТ НАСИМОВ

@Murat_Nasimov

Сайтта 2011 ж. 20 шілдеКазахстан, Кызылорда

ПРОСТОЙ ЧЕЛОВЕК

рейтинг

100

жазбалар

119

пікірлер

44

тіркелуші

14

жазылымдар

9

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АРАЛ ТАҒДЫРЫ 1997 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында Арал теңізі мәселелеріне арналған Орта Азия мемлекет басшыларының саммиті өтті. Әңгіме Аралды қорғау халықаралық қоры төңірегінде өтті. Бес мемлекет басшысы Алматы декларациясына қол қойды. Бүгінде Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы жылдары географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрс…

0
0
1548

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ЖЫЛЫ

ЖАМБЫЛ

1996 жыл қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев жылы болып белгіленіп, ЮНЕСКО шеңберінде тойланды.

0
0
470

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ

монумент

1996 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында Ш-А. Уәлиханов басшылығындағы авторлық ұжымның адамзатқа сыйлаған Тәуелсіздік монументі ашылды. Республика алаңындағы Қазақстанның бірінші символы болып табылатын бұл ескерткіштегі басты мақам Алтын адамның бейнесіне негізделген. Барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.

1
0
3313

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ САЯСИ ПАРТИЯЛАР

1996 жылдың 2 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» алғашқы Заң қабылданды. Бүгінгі күнде «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 15 шілдесіндегі №344 Заңы іс жүзінде. Аталмыш заңның 1-тарау жалпы ережелердің бірінші бабы, бірінші тармағы бойынша: «Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады».

1
0
297

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ 1 МАМЫР 1995 жылдың 18 қазанындағы Елбасы жарлығы бойынша осы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып белгіленді. Қазақстан Республикасы саясатының негізгі басымдықтарының бірі ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау болып табылады. 2010 жылдың 1 мамырындағы мерекелік концерттегі сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Біздің еліміздің барлық жетістіктері – бейбітшілік пен келісімге байланысты. Әлем ұлтаралық және конфессияаралық түсініспеушіліктерге байланысты апаттық зардаптар мысалына толы. Бейбітшілік пен келісімді біз тәуелсіздік жылдарында құрдық», - деген болатын. Жалпы Ресей Федерациясында Бірінші мамыр еңбек күні, көктем күні, көктем мен еңбектің мерекесі деп аталып өтсе, КСРО кезеңіндегі еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күнін бүгінде әлемнің…

1
0
328

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТЕК

КУӘЛІК

1996 жылдың 3 сәуірінде қазақ ұлтындағы Қазақстанның азаматтары ұлттық дәстүрлерге сай тарихи қалыптасқан тегі мен әкелерінің атын жазуға мүмкіндік алды. Осы күннен бастап кез келген азамат өз тегінен -ов, -ев жалғауларын жазбауға құқылы болды.

1
0
334

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АӨСШК 1996 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберіндегі 15 мемлекет өкілдерінің кездесуі өтті. Бүгінде бұл кеңес Азия құрлығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған бұл кеңеске 22 мемлекет мүше. БҰҰ, ЕҚЫҰ және Араб елдерінің Лигасы және 8 бақылаушы мемлекеттер арқылы қызметін атқаратын бұл ұйымның беделі халықаралық деңгейде жоғары. Бұл шара алғашқы бастамалардың бірі болса, кейінгі жылдары мынадай негізгі кездесулер ұйымдастырылған: 1999 жылдың қыркүйегі – сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі; 2002 жылдың маусымы – мемлекет немесе үкімет басшыларының…

1
0
486

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ 1996 жылдың 30 қаңтарында жаңа қос палаталы Парламенттің бірінші сессиясында Сенат пен Мәжіліс төрағалары сайланды. Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді органы болып табылады. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады және жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенатты әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депут…

1
0
2032

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ 1996 жылдың 9 қаңтарында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі бекітілді. Бүгінде құрамында 7 мүшесі бар кеңестің төрағасы И.И. Рогов. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы бойынша: 1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша: 1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi; 2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды. 2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың…

1
0
504

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АБАЙ ЖЫЛЫ

АБАЙ

1995 жыл қазақтың ұлы ақыны Абай жылы болып белгіленді. Философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың әлеуметтік-саяси, антропоцентристік, гуманистік көзқарастарының орны ерекше. Оның әрбір поэмалары, қара сөздері, өлеңдері мен аудармаларының негізгі мәнін тереңінен түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халық тағдыры мен арманын ұғынамыз. Сол арқылы қазіргі кезеңді, кешегі мен бүгінді, болашағымызды айқындай аламыз. Сондықтан бұл жылдың Абай мұраларын насихаттаудағы орны ерекше болды.

1
0
884