ЕАЭО осы одаққа мүше елдердің тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесші комитет құрады
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) отырысында өнеркәсіп саясаты мен техникалық реттеу мәселелері талқыланды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕЭК алқасы аталмыш комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің цемент пен әйнекті қоса алғанда құрылыс материалдарын шығару бағытындағы ынтымақтастығын дамыту туралы» ұсынысын мақұлдады. Құжат ЕЭК-ның Өнеркәсіп саясаты департаментінің одаққа мүше елдердегі өнеркәсіп саласының қазіргі және даму жағдайына жүргізген талдаулары негізінде дайындалған. Ұсыныстар ынтымақтастықты кеңейту мен осы саладағы өнеркәсіп кооперацияларын тереңдетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өнеркәсіп салаларында орын алған ортақ мәселелерді шешуге бағытталған. «Ұсыныстарды жүзеге асырудың нәтижесінде кәсіпорындардың тұрақт…