Мазмұнға өту
MalikaD

Малика Динмухамедова

@MalikaD

Сайтта 2014 ж. 5 тамызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

670

жазбалар

341

пікірлер

4

тіркелуші

14

жазылымдар

6

Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт ашылды

Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін және 150 тонна күріш салысын өңдейтін «күріш ақтау» зауыты ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Өндіріс орнында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев болып, зауытты салтанатты түрде іске қосты. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде ашылып жатқан зауытта 250-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Кәсіпорында шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері бар. Аталған өндірістерден шығатын дәнді дақыл қалдықтарын құрама жем шығаруға пайдаланады. Зауыт Германиядан әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. Аймақ басшысы жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы же…

0
0
500

ДСӘДМ еңбекті қорғау қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді жоспар дайындап жатыр

ҚР ДӘДМ қазіргі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестерімен бірлесіп, «Еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар» дайындауда, алдағы уақытта ол зиянды еңбек шарттары қалыптасқан жұмыс орындары мен өндіріс жарақаттарын кезезең-кезңімен қысқартатын болады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов. Қазақстан еңбек шарттарын жетілдіру мен өндіріс жарақаттарының алдын алуға бағытталған ХЕҰ-ның (Халықаралық еңбек ұйымы) бірқатар шарттарын ратификациялады. 2014 жылдың соңына таман ХЕҰ-ның «Еңбектің қауіпсіздігі мен тазалығын қалыптастыратын негіздер туралы» № 187 Конвенциясы ратификацияланды. Оның талаптары бойынша, әрбір жұмыс орындарында кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу шарттары қамтамасыз етілуі ке…

0
0
456

Н.Назарбаев пен Д.Медведев ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлады Ақорадының баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының негізгі бағыттары кең ауқымды ынтымақтастық аясында қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды. Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанына, оған зор үміт артылып отырғанына назар аударды. «Тауар айналымының төмендеуінің өзіндік себептері бар. Бұл ретте еркін сауданы дамыту, капиталдар мен еңбек ресурстарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, өзара инвестициялар, бірлескен кәсіпорындар құру сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда. Осының бәрі уақытында жемісін беретініне сенімдімін. Мемлекетаралық және үкіметаралық сипаттағы қал…

0
0
450

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырылған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған жыл сайынғы жоба шеңберіндегі «Шерлі шежіре аманаты» халықаралық форумына қатысты. Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі алаңында Еске алу акциясына, «Батыс Қазақстан облысының тарихы – жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты құжаттық-экспонаттық көрмесіне қатысып, «Мәңгілік Ел» - ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына арнап кіріспе сөз сөйледі. Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-…

0
0
572

Қазақстан делегациясы ИЫҰ СІМК 42-ші сессиясына қатысты

2015 жылғы 27-28 мамырда Кувейтте Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 42-ші сессиясы (ИЫҰ СІМК) болып өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов бастаған қазақстандық делегация қатысты. ҚР СІМ хабарлағандай, қоғамдағы толеранттықты күшейту және терроризмге қарсы әрекет ету мәселелеріне арналған ИЫҰ СІМК барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегациялары халықаралық күн тәртібінің өзекті проблемаларының кең ауқымы бойынша пікірлермен алмасты. Йемендегі, Сириядағы, Ливиядағы және Ирактағы ахуалды, палестина-израиль жанжалын реттеу, бірқатар мұсылман елдерінің бейбіт өміріне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қауіп туғызатын Ирак пен Леванта ислам мемлекетінің (ИЛИМ) және басқа да экстремистік ұйымдар мен топтардың күштер…

0
0
434

Қазақстанда 5 жылдың ішінде білімге бөлінген қаражат шамамен 2 есеге өсті – Б.Сапарбаев

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыға жұмыс сапары барысында бірқатар білім ордаларын аралады, деп хабарлады primeminister.kz. Күннің бірінші жартысында Б.Сапарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бос орындар көрмесі-жәрмеңкесін аралап, «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Іс-шара қатысушыларына қарата сөйлеген сөзінде Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім және ғылымның дамуына айтарлықтай заңнамалық және қаржылай қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Соңғы 5 жылдың өзінде білімге бөлінген қаражат көлемі шамамен 2 есеге, ал ғылымға бөлінген қаражат 2,5 есеге артқанын айтты. Вице-премьер баса айтқандай, индустриаланды…

0
0
369

ҚР Парламенті Мәжілісінде мұнай-газ секторының даму болашағы талқыланады

Парламент Мәжілісінде биылғы жылдың 1-маусымынан бастап, «Қазақстанның мұнай-газ секторын дамытудың болашағы мен проблемалары» атты тақырыпта парламенттік тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. Негізгі баяндамашылар ретінде Энергетика министрі Владимир Школьник пен Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың, «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры - Тимоти Глен Миллер, Қазақстанның таукен және мұнай-газ саласына қызмет көрсету одағының директоры Дәуіржан Ауғамбай, «КазНИПИмұнайгаз» АҚ директоры Мұрат Құрбанбаев сөз сөйлеуі күтілуде. Мәжіліс депутаттары Уәлихан Бишимбаев пен Галина Баймаханова да өз көзқарастарын білдірмекші. Парламенттік тыңдау шеңберінде ТОО «Павлодар мұнайхимия заводы» ЖШС басшысы Шухрат…

0
0
374

Қазақстанның индустриялды қаңқасына 14 млрд доллар бағытталды – Назарбаев

Ұлттық қорда сақталған қаржыны осы жылдар арасында қолдана аламыз, индустриялды қаңқаны толық өзгерту үшін қолданылады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД қатысушы елдердің басшыларымен кездесуде. «Біз экономика өсімінің төмендеуіне қарсымыз. Қиын-қыстау заманда адамдарды жұмыспен қамту үшін өндіріс және тау-металлургия саласын көтеруді ойластырудамыз, себебі ол жерде жұмыс орындары қысқарып, өндіріс көлемі кішіреюде. Оны Қазақстандағы ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар үлесінде жүзеге асырамыз. Ұлттық қорда жиналған қаржыны біз индустриялық қаңқаны толық өзгертуге қолдана аламыз. Сондықтан, жақын арадағы 4 жылда 5 мың км автожол мен әуежайлар, көпірлерді қайта жаңғырту жұмыстары жүретін болады», - деді Ұлт көшбасшысы. ҚР Президентінің айтуынша, осы істер үшін 14 млрд доллар бағытталд…

0
0
317

Қазақстанда 1,4 мыңнан астам кәсіпорын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді

Қазақстанда соңғы бес жылда 1,4 мыңнан астам кәсіпорын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов. «Бес жылда қауіпсіздік және еңбекті қорғау шарттарын жақсарту мақсатында 12 мыңдай өндіріс нысандарын жұмыс берушілер аттестациялаудан өткізді, 1,4 мыңнан астам кәсіпорынға қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар енгізілді», - деді Д. Арғындықов. Сонымен, статистика бойынша уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 2014 жылы тексерілген 1,8 млн жұмысшының 391 мыңы немесе әір бесіншісі зиянды салада жұмыс істейді. «Жұмысшылардың 41% шулы, 34 % шаң-тозаң, 17 % ауа температурасы қолайсыз жағдайда еңбек етуде», - деп толықтырды ол. Сонымен қатар, вице-мини…

0
0
548

Беларусь ЕАЭО аясындағы өзара сауда-саттықтағы кедергілерді алып тастауды ұсынды

Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяков Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында ЕАЭО аясындағы өзара сауда саттықтағы кедергілерді алып тастауды ұсынды. «Еуразиялық интеграция мәселесі біздің үкіметтердің назарынан тыс қалған емес және баяғыша өте маңызды. Біз өзара сауда саттықта баға беруіміз керек. Еркін сауда саласында Еуразиялық интеграцияда айтарлықтай ілгерішулік бар. Алайда, көптеген мәселелерге байланысты Одақ ішіндегі сауда мәселесі алаңдатушылық тудыруда. ЕЭК аталмыш салада жан-жақты баяндама дайнындады, онда аталмыш саланы оңтайландыру бойныша шаралар кешені көрсетілген», - деп хабарлады А.Кобяков. Оның айтуынша, Одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктері мен экономика министрліктерінің макроэкономикалық реттеу қарым-қатынастырының тиімділігі мен жеделділігін…

0
0
230