«Қазақия 2015» блог-сапары басталды
Бүгін, 2015 жылдың 11 сәуірінен Қазнетте баламасы жоқ «Қазақия 2015» байқауына қатысушылар өз бағытындағы алғашқы стансасы – Алматы қаласында байқау сапарын бастап кетті. Іріктеуден өткен блогерлер тобы алдын-ала құрған жоспарлары бойынша әр стансадан әлеуметтік желілерде пост жазулары тиіс. «Қазақия 2015» – Қазақстанның бірнеше облысы мен қаласын қамтитын блог-сапар. Шарт бойынша байқау қатысушылары 12 күн ішінде 12 стансаны (Алматы, Сарыөзек, Үштөбе, Аягөз, Риддер, Семей, Ақсу-2, Екібастұз, Теміртау, Жаңаарқа, Жезқазған, Астана) темір жолмен басып өтеді. Блог-сапардың мақсаты – елімізді жаңа қырынан танытып, қазақтілді интернет кеңістікті сапалы мәтіндік, бейне, фото, аудио контентпен толықтыру. Байқаудың жүлде қоры – 1 миллион теңге. Байқауға іріктеу 26 наурыздан басталып, алғаш өтініш…

