Мазмұнға өту
GenprokRK

ГП РК

@GenprokRK

Сайтта 2013 ж. 21 ақпанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 092

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

0

Бас прокуратурада Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған салатанатты жиналыс ерекше салатанатты жағдайда болып өтті.

Салатанатты жиналысты аша отырып, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ардагерлерді олардың майдандағы және еңбектегі ерліктеріне терең ризашылығын білдіре отырып, Жеңістің 68-жылдық мерекесімен құттықтады. Барлық ұрпақтар үшін 9 мамыр – біздің халқымыздың ерлігінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы болып табылатын ерекше мейрам. Ол ешкім және ештеңе де фашизмді жеңудегі халықтың ұлы ерлігін және оның бүкіләлемдік тарихи мағынасын төмендете алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, бүкіл халықпен бірге Жеңіс үшін біздің отандастарымыз да ерлікпен және жанқиярлықпен күрескен. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арасында прокуратура органдарынан шайқасқа аттанғандар да аз емес, соғыстан кейін олардың көпшілігі өз өмірлерін қылмыспен күреске арнады. А.Даулбаев прокуратура органдарының ардагерлері…

0
0
838

Бүгін Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау мәселелері қаралды.

Кеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Көші-қон полициясы комитеті, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Мемлекет осы құбылысқа тосқауыл қою бойынша нақты шараларды жүзеге асыруда: өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы бірқатар халықаралық келісім-шарттар жасалды, адам саудасына тосқауыл қоюды регламенттейтін негізгі халықаралық актілер ратификацияланды. Ұлттық заңнама осы қылмыспен күрестің тиімді шараларын қолдануға, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бас Прокурор атап өткендей, адам саудасы қоғамдық қауіптің жоғары деңгейіне ие болып отырған қазіргі қоғамның өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда а…

0
0
818

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтіп, онда Жайық-Каспий бассейніндегі балықтың бағалы тұқымдарын сақтау және өсіру жөніндегі жұмыстың жай-күйі қаралды.

Алқа жұмысына Парламент депутаттары, ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев, Қоршаған ортаны қорғау Министрі Нұрлан Қаппаров, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Ішкі істер министрлігінің, Кедендік бақылау комитетінің басшылары, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бас Прокурор атап өткендей, Жайық-Каспий бассейніндегі балық қорларын қорғау және пайдалану мәселелері жөнінде 2010 жылы Атырау қаласында өткізілген ведомствоаралық жиналыстан кейінгі үш жылдың ішінде осы саладағы жағдай айтарлықтай жақсарған жоқ. Қалыптасқан жағдай, ең алдымен, уәкілетті органдар қызметінің тиісінше ұйымдастырылмай отыруының салдары болып отыр, әзірге көбінесе формализмге жол берілуде. Жайық-Ка…

0
0
660

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапары шеңберінде Женева кантонының Бас прокуроры Оливье Жорномен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен болашағын талқылады.

А.Дауылбаев әңгімелесушісін прокуратура органдарының алдында тұрған басты міндеттер туралы ақпараттандыра отырып, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды орнату және оны одан әрі нығайту қызметтің негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Сұхбаттасушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттер аясында қазіргі заманғы қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес жүргізу бойынша күш-жігерді біріктірудің өзектілігі объективті түрде артып отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ олар кең ауқымды құқықтық мәселелерге қатысты өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

0
0
1417

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапары барысында Әділет және полиция федералдық департаментінің Бас хатшысы Матиас Рамзауэрмен және Сыртқы істер министрлігі Статс-хатшысының орынбасары Артур Маттлимен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында А.Дауылбаев әңгімелесушілерін прокуратура органдарының қадағалау және құқық қорғау қызметі саласында қол жеткізген нәтижелерімен таныстырып, Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау үдерісі туралы хабардар етті. Еуропа Кеңесінің қылмыстық істерді жүргізу саласындағы негізгі төрт конвенциясына Қазақстанның қосылу барысы әңгіменің бөлек тақырыбы ретінде болды. М.Рамзауэр Әділет және полиция федералдық департаменті Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау үдерісін қуаттайтынын, еуропалық конвенцияларға қосылу бойынша қазақстандық бастаманы қолдау мәселесін зерделеп, аталған мәселе бойынша мемлекет басшылығын тиісті жолмен ақпараттандыруға дайын екенін білдірді. Тараптардың пікіріне сәйкес, орын алған кездесу екі елдің құқықтық жүйелерін әрі қарай нығайтуға байланысты…

0
0
357

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапармен барды, онда ол Бас прокурор Михаэль Лаубермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қол жеткізілген ынтымақтастықтың деңгейіне ризашылықтарын білдіріп, оны одан әрі дамыту үшін әлеует бар екенін атап өтті. Өзара мүдделі болып танылатын, соның ішінде трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы кең ауқымды мәселелер талқыланды. Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот өндірісі жөніндегі төрт конвенциясына қосылуы туралы Қазақстанның өтінімі сұхбаттың маңызды тақырыбы ретінде болды. А.Дауылбаев швейцариялық тарапты қадағалау мен құқық қорғау қызметі саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы таныстырып, қылмыстық қудалау барысында адам құқықтарын қорғауға, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға қосылуымен байланысты міндеттемелерді орындауға прокурорлардың ерекше көңіл бөлетінін атап көрсетті. Қазақстанның Бас Прок…

0
0
466

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорының жетекшілігімен «Қорғас» қылмыстық ісінің тергелуі аяқталып, айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокурорына жолданды.

Алматы қаласының прокуроры айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін іс а.ж. 12 сәуірінде Алматы қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды. Айыпталушыларға және олардың қорғаушыларына көлемі 35 томды құрайтын айыптау қорытындылары табыс етілді. Сотқа түскен қылмыстық істердің көлемі 1576 томды құрады. Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік және кедендік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары қолдау көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық схемасы ашылды. Олар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізуді қамтамасыз еткен. Қытайдан Қазақстанға тауарларды контрабандалық жолмен кіргізу, қылмыстық жолмен табылған а…

0
0
536

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Австрия Республикасына сапары аясында Австрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Йоганнес Кирлемен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар құқық саласындағы ынтымақтастықтың белсенділігін одан әрі арттыру болашағын талқылады. Қазақстан делегациясы сапарының орнатылған жемісті өзара қарым-қатынастарды әрі қарай нығайту мен құқықтық жүйелердің даму тәжірибесімен алмасу үшін маңызды қадам болып табылатыны атап өтілді. Осы бағытта Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу саласындағы төрт конвенциясына қосылуы жөніндегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. А.Дауылбаев Қазақстанның заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келу үшін серпінді дамып және жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Осыған орай, еуропалық конвенцияларға қосылу аталған мақсаттарды жүзеге асыруға толығымен себепші болады. Й.Кирле қонағына сапары үшін алғысын білдіріп…

0
0
344