Мазмұнға өту
BalapanTV

Балапан Телеарнасы

@BalapanTV

Сайтта 2013 ж. 25 қаңтарКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

131

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

0

«Болашақтан келген Фил»

Фил – барлық балалардан ерекше. Ақылы да, ойы да, жүріс-тұрысы да. Себебі ол – болашақтан келген. Оның әртүрлі құралдары болашақтан келгенін дәлелдейді. Мысалы, үлкен затты кішірейтеді. Кішкентай затты, керісінше, үлкейте алады. Олардың кемелері өте жылдам жүреді.
«Балапан» телеарнасында 21:30-да «Болашақтан келген Фил» телехикаясын тамашалаңдар.

0
0
1058

«Балалық шағымның аспаны». Отбасылық фильм. («Қазақфильм», 2011 ж.)

Оқиға Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы өмір жолын баяндайтын шығармалар желісі негізінде түсірілген. Елбасымыздың кең тарапты өмір атты жолындағы алғашқы жеңістері мен көңілі қалған сәттерін, жүректегі үміт оты мен арманға толы жан-дүниесін әсерлі бейнелей отырып, Елбасының тұлға ретінде қалыптасуын баяндайтын көркем фильм өзінің әсемділігімен көз тартады. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады...

0
0
1621

«Ауылым Көктөбенің бөктерінде». Отбасылық фильм. («Қазақфильм», 1986 ж.)

Арманды әкесі қалада білім алу үшін интернатқа алып келеді. Алайда ол үшін қала өміріне үйрену қиынға соғады. Себебі жатса да, тұрса да ауылы ойдан шығар емес. Арман ауылға кетеді ме, әлде қалада оқуын жалғастырады ма? "Балапан" телеарнасынан 3 шілде, 22:10-да "Ауылым Көктөбенің бөктерінде" фильмін тамашалаңыздар

0
0
2333

«АРМАН — АТАМАН» Отбасылық фильм. («Қазақфильм», 1967 ж.)

Мектеп жасындағы үш дос ешкімге тіс жармастан Африкаға қашып кетпекші болады. Сол үшін ағылшын тілін үйреніп тіпті олардың тұрмысын, мәдениетін зерттейді. Ұйқыға жатқанда түстерінде африка халқын құлдықтан құтқару үшін басқалармен күресіп жүреді. Саяхатқа аттанатын күні олар вокзалдан нағыз африкалықтарды кездестіреді...

0
1
2761