ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Германияда «Қазақ кітапханасы» жобасының тұсаукесері өтті
Халықаралық Франкфурт кітап көрмесі аясында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақ кітапханасының 25 кітабы» атты ұранмен «Қазақ кітапханасы» жобасының мерейтойлық тұсаукесері өтті, деп хабарлады ҚР СІМ. Тұсаукесерге Германияның қоғамдық-саяси және зияткерлік топтарының өкілдері, неміс сарапшылары мен журналистері, көрмеге келушілер қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев өз сөзінде қонақтарды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының маңызды кезеңдерімен, сондай-ақ елдің ұлттық рухани байлығын қамтамасыз ету және оның тұрғындарының ұлттық сана-сезімін нығайту саласындағы ұлттық саясаттың құрамына тарихты, философияны, этнографияны, тіл мен әдебиетті дамыту кіретін негізгі бағыттарымен таныстырды. Осыған орай, ҚР МСМ жауапты хатшысы «Қазақ кіта…