Чехия ЭКСПО-2017» көрмесінде өзінің ең жаңа технологияларын ұсынбақ
Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовтың Чехияның өңірлік даму министрі Карла Шлехтовамен кездесуі өтті. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ хабарлағандай, кездесуде тараптар Чехия Республикасының ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын талқылады. Кездесу барысында А.Есімов Чехия делегациясын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындықтың қорытынды кезеңі туралы хабардар етті. «Біздің Көрмеде Чехия елі өзінің баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы мықты дүниелерін көрсететіндігіне қуаныштымыз. Бұл біздің елдер арасындағы достық қатынастарды нығайтатындығына және екі ел үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтетіндігіне сенемін», - деді Ахметжан Есімов. «Көрме арқылы Қазақстан әлемдегі аса маңызды мәселелердің бірін – баламалы энергия көзд…