Голландиялық компаниялар Қазақстанның индустриялық жобаларына қатысуға шақырды
Амстердамда Корольдік Индустриялық клубында (Амстердам қ.) 100-ден астам голландиялық кәсіпкердің, қазақстан-нидерланд Іскерлік кеңесі мен «KAZNEX INVEST» агенттігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан күні атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігі ұйымдастырды. Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысушыларды тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен дамуындағы рөлімен, сондай-ақ Нидерландымен іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ. М. Ілиясов голландиялық компанияларды Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму жобаларына және инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасына белсенді қатысуды шақырды. «ЭКСПО-201…