Мәжілісмендер Алматыдағы жатақханаларда студенттердің өмір сүру жағдайымен танысты
Қазақстан өңірлерінде Мемлекет басшысының «5 әлеуметтік бастамасы» түсіндірілуіне қатысты депутаттардың кездесуі жалғасуда. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.Төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәжіліс депутаттары білім беру мекемелерінің жатақханаларын аралап, олардың тұрмыс жағдайымен танысты, оқытушылар мен студенттермен кездесті, олар елбасы жолдауының үшінші бастамасын түсіндірді: «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту». Жатақханадағы студенттер жағдайымен танысқан шенеуніктер қатарында, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева және Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Гүлнәр Иксанова, Зәуреш Аманжолова болды.Алматы Қазақстанның студенттік астан…