Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

«Нұр Отан» партиясының басшылығы Қытай Коммунистік партиясының делегациясымен кездесті

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы әлемдегі жетекші саяси ұйымдармен өзара ынтымақтастық байланыстарды нығайтуы қажет деген болатын, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Елбасының осы тапсырмасына сәйкес биылғы жылдың қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов бастаған делегация Қытай Халық Республикасында ресми сапармен болып, Қытай коммунистік партиясымен өзара әріптестікті одан әрі жетілдіру жөніндегі хаттамаға қол қойды. Жасалған келісімдер нәтижесінде ҚКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебі мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебі арасында өзара әріптестік жөніндегі құжат қабылданды. Қос елдің билік партиялары қабылдаған бұл құжаттар өзара ынтымақтастық қатынастарды нығайту, тәжірибе алмасу, кадрлар да…

0
0
496

Сенатта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және білім беру мәселелері бойынша заң жобалары қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылымкомитетінің кеңейтілген отырысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Заң жобасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірнеше кезеңмен өтуін көздейді. Құжатпен медициналық көмекке құқықтар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету айқындалады. Сондай-ақ, заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың, аударымдар мен жарналарды төлеушілердің, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, осы жүйеде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің құқықтары…

0
0
244

Қазақстан Президенті Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Екі жақтың делегацияларының кеңейтілген құрамда өткен кездесулері барысында Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Катар мемлекетін осы өңірдегі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айта келіп, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін екі елдің әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті. Оған Қазақстан мен Катар арасында жоғары саяси деңгейде қалыптасқан өзара сенімді қарым-қатынас негіз болуға тиіс. Екі елдің көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас. Катар мемлекеті сияқты Қазақстан да қазіргі кезде өз экономикасын әртараптандыру саясатын қарқынды жүргізіп жатыр. Елде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және…

0
0
333

Қазақстан Елшісінің малайзиялық Кедах штатына сапары барысында аймақ аралық саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Кедах штатына жұмыс сапар шекті, деп хабарлады СІМ. Лангкави даму Агенттігінің (LADA) Бас директоры Халид бин Рамлимен (Khalid Bin Ramli) кездесу өтті. Д.Сарекенов агенттік делегациясын Қазақстанға сапар шегуді және сапарды 2016 жылы 20-22 сәуір аралығында Алматы қ. өтетін «Туризм және саяхат» атты халықаралық көрмеге қатысумен ұштастыруға болар екендігін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстан-малайзия арасындағы Бірлескен сауда-экономикалык комитетінің жанында, туризм саласындағы арнайы жұмыс тобына агенттіктің өкілін қосуға қажеттілігін атады. Сонымен бірге Астана қ. ЭКСПО 2017 халықаралық көрмеге агенттктің Малайзия кешенінің бір бөлігі ретінде қатысу мүмкіндігіне назар аударды. Өз кезегінде, Х.Рамли ЭКСПО 2017 «Кел…

0
0
404

ИИДМБ: Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылармен 523 келісім орнатылған

Қазақстанда ҚР Минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 5 жылдық бағдарламаны іске асыру аяқталды, деп хабарлады ИДМ. Қатты пайдалы қазбалар негізгі түрлері қорларының өсуі мынадай: алтын - 418 тонна; мыс - 5,2 млн. тонна. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жылдарында жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың міндеттемелерін орындамауы мәнінде тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 5 жыл ішінде 191 келісімшарт бұзылды. Сондай-ақ, осы кезеңде 27 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерін бекіткен 670 жоба қаралды әрі бекітілді. Уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, қатты пайдалы қазбалар бойынша 136 жаңа келісімшарт жасалды. Жер қойнауын пайдалану құқықтарын беруге мораторий алынғаннан кейін 2014 жылы конкурс өткізіліп, 36 жеңімпаз айқындалды.…

0
0
294

Қазақстан өкілдері Куала-Лумпурда бірінші Tрансформация жөніндегі жаһандық форумына қатысты

Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабының төрағасы Әлихан Бәйменов бастаған Қазақстан Республикасының және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Офисі делегациясы Куала-Лумпурда (Малайзия) өткен «Трансформацияны енгізу: диалогтан тиімді іс-қимылға» (Operationalising Transformation: Shifting Dialogue to Effective Action) атты бірінші Трансформациялау жөніндегі жаһандық форумының (GFT, Global Transformation Forum) жұмысына қатысты, деп хабарлады СІМ. Делегация құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі Аяна Манасова, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Астана қ. Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабының зерттеу тобының басшысы Ернар Жаркешов кірді. Ма…

0
0
270

Қ.Тоқаев: БҰҰ – бұл бірегей, баламасы жоқ ұйым

БҰҰ – бұл бірегей, баламасы жоқ ұйым. Бұл туралы бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтіп жатқан «БҰҰ және ЮНЕСКО: Жасампаздықтың 70 жылдығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. БҰҰ-ның арқасында Қазақстан егеменді ел мәртебесіне ие болды, бүкіл дүниежүзінде мойындалды. Сондықтан, бүгінгі отырыстың тақырыбы өте орынды және өзекті деп санаймын. Кезінде белгілі британдық дипломат Уркварт «БҰҰ – ХХ ғасырдағы адамзат баласының ең үздік өнертабысы болып табылады» деп айтқан еді. Мен бұл сөзбен толық келісемін. БҰҰ – бұл бірегей, баламасы жоқ ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы қалай құрылды, Ұйым Жарғысының мәтіні бойынша қандай таластар мен келіссөздер болды, Кеңес одағы, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Біріккен Ұлттар Ұйымы Қа…

0
0
324

Қ.Көшербаев: Қызылорда облысында 22 мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектебі» үлгісі бойынша қайта жасақталады

Қызылорда облысында аймақ мұғалымдерінің тамыз конференциясы ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігі. Конференцияны ашу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев атап өткендей, биылдың өзінде Қызылорда облысында 22 білім нысанын салуға 6,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 19 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі. Осылайша Елбасының бізге жүктеген үш тапсырмасы толық орындалуда. «Біріншіден, үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді. Енді Қызылорда облысында үш ауысыммен оқитын мектеп мүлдем жоқ. Екіншіден, апаттық жағдайдағы мектептерді 2016 жылға дейін толық жаңалаймыз. 2013 жылы Қызылордада 25 апаттық мектеп болған болса, оның 14-і қайта салынып, қалған 11 білім ошағын келесі жылдың соңында бітіруді жоспарлап о…

0
0
1057

ҚР Ұлттық музейі Смитсон институтымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге отырды

ҚР Ұлттық мүзеу қызметкерлері Америка Құрама Штаттарында көшбасшылықтың «Мәдени мұраны сақтау» халықаралық бағдарламасына қатысты, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі. Аталған бағдарламаға мәдениет пен өнер және жәдігерлерді сақтау, қалпына келтіру мен таныстыру саласындағы шараларды іске асырушы жеке тұлғалар мен ұйымдардың өкілдерімен тәжірбие алмасу мақсатындағы кездесуді ұйымдастыру жұмысы кіреді. Бағдарлама сонымен қатар, тарихи-мәдени мұралар, заманауи технологияларды ендіру және халықаралық туризмді дамыту салаларындағы жобаларды жасау мен жүзеге асыруға бағытталғанын айтып кету керек. Көшбасшылықтың «Мәдени мұраны сақтау» халықаралық бағдарламасына орай қазақстандық делегация мәдениет, туризм және музей ісі саласындағы алдынғы қатардағы тәжірбиесін және жұмыс істеудің заманауи…

0
0
525

Қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясында өтетін «Өзара іс-қимыл-2015» оқу-жаттығуына қатысады

Биыл тамыздың 24-і мен 28-і аралығында қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясының Псков қаласында өтетін әскери контигенттер мен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерінің мен арнайы мақсаттағы күштік құралымдарымен «Өзара іс-қимыл-2015» бірлескен оқу-жаттығуына қатысатын болады, деп хабарлады ҚР ҚМ. Аталып өткендей, ҚР Қарулы Күштерінің атынан ҰҚШҰ ЖДҰК құрамындағы Аэроұтқыр әскерлерінің РХБҚ жеке батальоны қатысатын болады. 41495 әскери бөлімі Қапшағайдан Псковке кететін техникаларды тиеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуына 20-дан астам РХБҚ арнайы техника, сондай-ақ 70-ке жуық әскери қызметші тартылды. Оқу-жаттығуға қатысушылар арасында Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның әскери қызметшілері бар. Оқу-жаттығу ү…

0
0
222