ҚР-да қамауға алынғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 54%-ға дейін артты — Бас прокуратура
Қазақстанда ағымдағы жылы қамауға алынғандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 54%-ға дейін артты, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің басшысы Серікбай Ерімбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында. «Ертең ҚР Бас прокуратурасының ғимаратында «түрме реформасына» арналған ІIІ форум өтеді. Оған 200-ден астам адам қатысады. «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» атты жобаның бастауына арналатын бұл форум бұрын сотталған адамдарды заңға бағынушы азаматтар ретінде қоғамға реинтеграциялауға бағытталған. Форумға бейнеконференциялық байланыс арқылы жергілікті мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Бас прокуратураның www.prokuro…