Қ.Мәми Президентке Ұлт жоспарының он қадамы орындалғанын айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды. Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканың сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуге, соңғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды. Қ.Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне к…