Агенттік БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды. Байқау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған. Байқауға қатысу үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді. Материалдар казақ немесе орыс тілдерінде төмендегі номинациялар бойынша қабылданады: - «Үздік телевизиялық жұмыс»; - «Үздік баспа жарияланымы»; - «Үздік интернет жарияланымы». Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2017 жылдың 1…