Назарбаевтың жеке басына табынушылық халықтың табиғатына да байланысты...
Қазақстан көптен бері Назарбаевтың жеке басына табынушылық жағдайында өмір сүріп келеді дейді президенттің бақталастары. Алайда оның жақтастары әрі партиялық серіктестері, бұл пікірмен келіспейді. Бірақ, жеке басқа табынушылықтың болуына қарапайым халықтың өзі кінәлі деген де пікірлер бар. Жеке басқа табынушылық деген не, ол қайдан шығады, ол қайда апарады және одан қалай құтылуға болады? Бұл жайында біз мақаланың соңында қазақстандық психоаналитикпен әңгімелесетін боламыз. Ал әзірге сарапшылар мен қарапайым қазақстандықтардың пікірлерін тыңдап көрелік. Осындай шетін мәселе туралы олар не ойлайды екен? Президенттік тақта көптен бері отырған Назарбаев жеке басқа табынушылық дертіне шалдықты ма, жоқ әлде, оның серіктестері айтқандай, елдің бірінші демократы болып отырған періште жан ба? ЖЕК…
