Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Сәкен Сейфуллин, Сакен Сейфуллин, Saken Seifullin, «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы Как промелькнувший метеор, Он яркий свет, оставил нам. И всей судьбе, наперекор, Растет к Вам память, по годам. В степи великой, Сары – Арка, Родился, сильный человек. Звезда, светящая свысока, И прославивший, свой век. Сакен Сейфуллин драматург, Прозаик и писатель он. Поэт, не знающий испуг, Донесший, боль душевных стон. Трагична, вся его судьба, Лишь боль народа и борьба. Одна лишь цель, одна беда, Его вперед, всегда вела. Как поразительно, Бог дал, Не только ум, но красоту. Высокий, статный все он знал, Простой, душевной высоты. Он смело всем, в глаза смотрел, И прогибаться не умел. Он светом был, его удел, Быть честным, в том он и сгорел. Он много сделал, для народа, Нес литературу, здесь в степи. Поэмы, повести, романы, Они живут и в наши дни. Открыл…

0
2
1035

Бағынбас махаббат

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мазалап келеді, тағы да сан ойлар,

Барма екен тағдырда, әлі де мен алар?

Сүйгенім өзіме, қалайша оралар?

Сонда да сенемін, шешімі табылар.

 

Жігіттің сұлтанын, сүйгіздің бір кезде,

Сендім ғой бақытқа, армандап сол күзде.

Неліктен тағдырым, болмадық біз бірге?

Бұл сезім, оралып қалды ма, құр сөзге?

 

Неліктен сынадың, сен мені тағдырым?

Жылаумен өтті ғой, ендігі бар күнім.

Өртеніп барады – ау, кеудемде мынау жаным,

Бар күткен армандап, тұрмады – ау бұл сезім.

 

Тағдырым берсеңші, ендігі қол ұшын,

Сенімнің сұраймын, бере алсаң бар күшін.

Аяла, сезіндір, бақыттың бар әнін,

Түсініп көрейін, өмірдің мен мәнін.

0
1
488

Аналардың мейрамы «8 Наурызға арнайы»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сергей Чекалин «Мы любим»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

   

Кетті, қыстың ызғары,

Күн сәулесі, ерекше.

Бұл көктемнің, хабары,

Қызыққа, толды бар көше.

 

Құтты болсын, баршаға,

Аналардың мейрамы.

Көктем келді, далаға,

Мейрімге толды, бар маңы.

 

Бақыт, күлкі кетпесін,

Ұзақ болсын, өмірі.

Ырыс, молымен жетсін,

Уайымсыз болсын, көңілі.

 

Әйел, өмірдің көркі,

Бар өмірдің, сәні ол.

Болсын қызық, тек күлкі,

Сәтке толы, болсын жол.

 

Әйел, өмірдің гүлі,

Сұлулықпен, көркейткен.

Қызық болсын, әр күні,

Бізге, тойлатып жеткен.

0
1
737

Сарыбай би Айдосұлы, Sarybai bi Aidosuli «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы Автор музыки – Асыл тобы «Елім ай» Автор фотоматериалов – Взятый из различных источников «Неизвестный» Редактировал – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Сарыбай би, сын Шапырашты, Батыр народный и храбрец. Он умный, нет ему четы, И преданным, он делу жил. На юге, отражал он бой, С Кокандцами захват. Благодаря ему, Китай, Ведь повернул назад. Узынагашской битве, он пример, Кокандской иго, нет теперь. Союз Казаха, Казаков, Вот сила, сбросивши оков. Он руководством, умным слыл, Оратором, прекрасным был. В степи Казахам, был он тыл, Он, верно, всем руководил. Верховным бием, судьей он был, Всей Семиречье, он служил. Лишь в справедливости, он жил, Примером, для других он был. В процессе рассмотрении дел, Он справедливо все решал. Ведь это был, его удел, Служил и подкуп,…

0
2
2717

Кеттің бе, жаным? Артқа қарамай

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Кеттің бе, жаным?

Артқа қарамай.

Аңсаумен қалдым,

Өзіңді ойлай.

 

Жүрек шіркін-ай,

Кеудеме, сыймас.

Бар ма өмірде,

Махаббат қимас?

 

Қалайша, жаным,

Сені қиямын?

Бұл өмірге мен,

Қалай, сиямын?

0
1
478

Жыламашы құлыным

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Түн жамылып келеді,

Жұлдыздар жайнап.

Жарық, жұлдыз сөнбейді

Тұрмын, мен қарап.

 

Сұрақ қойдың, боташым,

Әкеміз, қайда?

Не айтайын, жұлдызым,

Мұндай жағдайда?

 

Жыламашы құлыным,

Әкеңді ойлап.

Сен есейіп өскенше,

Келер ол тойлап.

 

Бүгін көрсе, сендерді,

Әкең, өкінер.

Алыс жақта, жүріп ол,

Мүмкін, түсінер.

0
1
465

Өмір майдан (Аудиопоэзия)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Мақтан емес, бұл сөздерім жазылған, Бақыттымын, егер болса, түсінетін табылған. Ақынмын деп, айта алмаспын, әйтеуір бір талпынған, Мен пендемін, әрбір сөзім, жүрегімді, мың жарған. Өмір майдан, сонда жүрген мен болам, Бала кезден, жетім, жоқтық, қинаған. Аян көрдім, «Сен жазасың, кел балам» Деп бір Қария, маған нанын ұсынған. Қайдан білем, мектептегі баламын, Сабақ оқу, ойын ойнау, бар болған. Арасында, әнші болам, сол арман, Дейді екенмін, біреу болса сұраған. Өстік кеттік, басқа жолға, салды өмір, Оқыдым, шарқырадым, мен өстім. Тағы көрдім, мен аянды «Бол жүгір» «Алға бас, сен жазады деп, сендім» Шырт ұйқыдан, мен оянып, ойландым. Гүрілдеген қызметте едім, биікте, «Қалай қиып, мен кетемін, бұл барым» «Бала – шаға, ойын - күлкі, тырп етпе» Бірақ бәрі, бір…

0
1
592

Аудиопоэзия «Тағы, көңіл неліктен, елең етті»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Тағы, көңіл неліктен, елең етті? Сені көріп көшеден, көңіл кетті. Оралғандай бар сезім, енді дертке, Тұра алмадық неліктен, берген сертке? Еске салып түсірдім, сол күндерді, Ең бақытты мен үшін, сол кездерді. Шіркін-ай, сағындырған, сол түндерді, Сен кеткен соң, үмітім, әбден сөнді. Сағыныштан сарғайды, енді жаным, Еске алу, қалғаны, бар болғаным. Амал қанша, өзің едің, бар бағым, Көп сұраққа, бір де жауап, таппадым. Қыста өтер, келер тағы, көк жазым, Армандаумен, бұл таңымды, атырдым. Неге солай, түсінеді, енді кім? О, тағдырым, неге осылай, сүріндім? Бар болғаны, құлап сені, сүйгенім, Сенің көңілің, сен үшін деп, жүргенім. Әр сөзіңе, ойланбастан, мен сендім, Ойланбастан, сүйді сені, жүрегім. Бәрін білем, ешкім тұрмас мәңгілік, Айналдырып, алып кетер тірш…

0
1
530

Ғашық болдым өзіңе «Қарай бергім келеді, бұл көзіңе»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Қарай бергім келеді, бұл көзіңе,

Ғашық болып қалдым-ау, мен өзіңе.

Сенемін ғой айтылған, әр сөзіңе,

Мен ризамын, бақытты еткен, тек өзіңе.

 

Сені ойласам, жүрек сыймас, мынау кеудеме,

Қандай ғажап, сүю деген, бұл әлемде.

Шаттық толы, әнімді айтсам, сол жетеме?

Әлде сенде, күдік бар ма, бұл сезімде?

 

Келші жаным, көз тастайық, бар алаңға,

Қол ұстасып, біз жетеміз, ақ арманға.

Ақниет пен, орын алдық, бақ тағында,

Бұл айдында, біз ұқсайық, қос аққуға.

0
1
3076

Аудиопоэзия «Поэзия» «Жалғыз қалып, терең ойға мен батам»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия для души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – marat marat 77

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Жалғыз қалып, терең ойға мен батам,

Бар ойымды, сенем саған, тек қалам.

Көңілімнің, сен есігін аша алған,

О, поэзия, сен үшін мен, жаралған.

 

Бір өзіңнен, мен шөлімді баса алам,

Баса алмаймын, сенсіз енді, бір қадам.

Жүрегімнің, ең төрінде, орын алған,

Ол әнім ғой, сен үшін мен жаралған.

 

Жылдар өтер, зырылдайды тоқтамай,

Талай күндер, кетер тағы оралмай.

Арманымды, ақ құс қылып ұшырған,

Лирика ғой, сен үшін мен жаралған.

 

Бақыттымын, ендігі бар байлығым,

Қаламым да, жазуым да, бар бағым.

Бұл әлемде, сен мен үшін, бақ тағым,

Сен мен үшін, жетелейтін жарығым.

0
1
816