Журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
«Қазақстанда мемлекеттің тұрақты дамуының, баянды экономикалық өсудің, Елбасының дана саясатының арқасында бүгінгі күні заманауи, техникалық жабдықталған, бәсекеге қабілетті медиялық кеңістік қалыптасты және біздің мемлекетіміздің мақсаты биік жоспарларын іске асыру тек БАҚ-тың белсенді қатысуымен ғана мүмкін. «Нұр Отан» партиясы бүгін де, ертең де Қазақстандағы ақпараттық саланың дамуын ынталандыруға, журналистің кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай туғызуға ниетті, - деп атап өтті Б.Байбек. Байқау 2010 жылдан бері Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында өткізіліп келеді, биылғы жылы «Нұр Сұңқарды» табыс етудің VI рәсімі ұйымдастырылды. Осы өткізілген жылдарда «Нұр Сұңқар» өзін журналистік шеберлікті танытуға арналған алаң ретінде көрсете білді және отандық масс-медиа өкі…