Зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі жедел топтың отырысы өтті
Заманауи қоғамда өмір сүргенімізге қарамастан бүгінгі күні отбасында зорлық змбылық фактілері орын алуда. Осыған орай, бүгін политехникалық колледжде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі жедел топтың отырысы өтті. Жауапты мамандар қатысып студенттермен онлайн кездесті.
Жаңаөзен қалалық аға инспекторы Айнур Жакупова қала бойынша тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті. Жиынға жиналғандар кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық зомбылыққа тап болған жасөспірімдерге психологиялық көмектер көрсету бойынша өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.



