Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Zoom платформасында жиналыс өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының ТАФ қызметкерлері, Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы және белсенділер қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2014 жылғы жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуге шақырған еді. "Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады" - деген болатын Н.Ә.Назарбаев. Одан бөлек, "Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек" - деді Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы" аясында атқарылып жатқан жұмыспен таныстырып өтті. Бүгінде Түпқараған ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Мадина Капурынның айтуынша, қазіргі таңда Бастау бизнес жобасы бойынша 11 мүгедектігі бар адам қатысқан. Жоба бойынша 5 адам грант, 3 адам өз кәсібін бастау үшін несие алған. Және де қоғамдық жұмысқа 2, жастар тәжірибесіне 3 адам жолданған. Әлеуметтік жұмыс орнына 3 адам жұмысқа орналастырылған. Жалпы, барлығы 18 мүгедектігі бар жандар тұрақты жұмыс орнына орналасқан. Жалпы саны – 45. Онлайн форматта өткізілген жиын соңында қатысушылар тақырып аясында сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды.

0
0
125

Осы тақырып бойынша

Zoom платформасында жиналыс өтті. - Yvision.kz