" Zoom" платформасында кезекті үгіт-насихат жұмыстары
Бүгін " Zoom" платформасында Білім саласының қызметкерлерімен оның ішінде "Айгөлек" ясли балабақшасының басшысы Айкен Аманқосқызы және балабақша тәрбиешілермен Жылыой аудандық Білім бөлімінің әдіскері Қ. Замангалиевамен онлайн кездесу өткіздім. Кездесу барысында ауданның 2021-2025 жылдарға Сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Онлайн қатысушыларының сұрақтармен ұсыныс - пікірлеріне жауап бердім. Білім саласының қызметкерлері алдағы науқанға сәттілік тілей отырып, "Nur Otan" партиясын толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.
