ZOOM платформасы арқылы жиын өтті
Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен - «Нұр Жәрдем» колледжінің жастарымен ZOOM платформасы арқылы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында жиын өтті. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Онлайн сұхбатқа жастар белсене қатысып, көкейінде жүрген сұрақтарына толық жауап алды.
