ZOOM платформасы арқылы жиын өтті
Бүгін Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен - "Біз біргеміз!" акциясы аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен ZOOM платформасы арқылы жиын өтті. Жиынға ұйғыр этномәдени орталығының төрайымы А.Нурузова, түрік этномәдени орталығының төрағасы И.Камилов қатысып, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, Төтенше жағдай кезінде "Біз біргеміз!" атты акциясы аясында көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмектескендерін айтып өтті. Мұнан бөлек, олар жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарымен бөлісті.

