Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ZOOM» платформасы арқылы жастармен өткен онлайн кездесу

Бүгін, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Жазықпаева, Б.Абишев және Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Айтжанов, С.Адильханов, А.Исаева, А.Балажанова, Б.Сүнбеков, Д.Төлеген Ж.Садуова, Б.Айнабеков, Е.Жақсыбаев, М.Бигельдиева, Ұ.Қапалбеков, Д.Нақысбеков аудан жастарымен онлайн форматта жолықты. Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, сонымен қатар сайлаушылар тарапынан сұрақтар болды. Сайлауалды бағдарлама алға қойылған жоспар болғанмен, жоспар талаптың арқасында жүзеге асады. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда табандылық пен талаптылық керек екені атап айтылды. Үміткерлер кездесуге қатысқан жастарға алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

Осы тақырып бойынша

«ZOOM» платформасы арқылы жастармен өткен онлайн кездесу - Yvision.kz