«ZOOM» платформасы арқылы өткен кездесу
Бүгін, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына үміткер кандидаттар Д.Алимбаев, Ж.Тельпекбаева, А.Абсеметова, Алматы облысы мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Ж.Жазықпаева, Б.Абишев, Қарасай ауданы мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Айтжанов, Б.Сүнбеков, Ж.Садуова, О.Чебоненко, А.Балажанова, Е.Константинова ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесуге білім саласының өкілдері, жастар, облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар және БАҚ қатысты. Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.
