ZOOM платформасы арқылы өткен фракция отырысы
Онлайн форматта өткен жиынды "AMANAT" партиясы Қарасай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Қаныбек Айтжанов жүргізді. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, аудандық партия филиалының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселе 2021 – 2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасындағы» жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы және 2022 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша ақпарат тыңдалды.
