ZOOМ платформасы арқылы сайлаушылармен сөйлесті
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан қалалық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Талғат Балабиев, Гүлдариха Жұмагелдиева, Арай Сауранбекова, Мақсұт Гайруллаев, Қайрат Зайнишев ZOOМ платформасы арқылы сайлаушылармен кездесті.
Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
