Zoom платформасы арқылы онлайн түрде кездесу өткізді.
Өздеріңізге белгілі пандемия кезінде ақ халатты абзал жандардың қоғамға аса керек екеніне толықтай көз жеткіздік. Қарапайым ине егушінің өзі қаншама науқастың өмірін сақтап қалды. Күн демей, түн демей қызмет етті. Мемлекет басшысы да олардың бұл еңбектерін ескерусіз қалдырған жоқ. Түрлі марапаттармен әспеттеді. Жалақыларын арттырды. "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ Съезінде мәлім болғандай алдағы жылдары медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы 2,5 есеге өспек.Кандидаттар осы тақырыптар аясында сөз қозғады. Медицина саласы үлкен армия екенін айта келіп, сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге үндеді.
