«Zoom» платформасы арқылы онлайн кездесу өтті
Облыстық және Мұнайлы аудандық сайлауалды штаб мүшелері "ҚТЖ" Жүк тасымалы"АҚ "Маңғыстау БП бөлімшесі" еңбек ұжымымен «Zoom» платформасы арқылы онлайн кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Сонымен қатар, штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы жалғаса беретінін жеткізіп, партия – барлығы үшін ашық екенін айтты. Қызметкерлер оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.
