ZOOM платформасы арқылы қала жастарымен жиын өтті
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы бойынша ZOOM платформасы арқылы қала жастарымен жиын өтті.
Жиында жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі туралы айтылды. Елімізде жер-жаhанға зор қауіп төндірген пандемияға қары күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш терімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол үшін созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Сіздер айрықша табандықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймыз. Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Алдағы уақытта күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Дегенмен, еліміздің жаңа гео-саяси ахуалдағы ұзақ мерзімді дамуын естен шығармауымыз керек.
Қазыр әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің көрген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық. Сондықтан, әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз ету, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз деп мәлімдеді, өзінің жолдауында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
