ZOOM конференция өтті.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды штабтары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша ZOOM конференция өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Сақтаған Сәдуақасов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Қоғамдық қабылдау бөлмелері өз қызметінде ҚР Конституциясын, «ҚР Сайлау туралы» заңын негізге алады. Конференцияға аумақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің меңгерушілері қатысты.
