ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматтағы кездесу
Шара барысында "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, оның ішінде жыл сайын 200-ден кем емес жастарды жұмысқа орналастыруға, барлық ауылдық округтерінде волонтерлік топтар құру арқылы еріктілер қозғалысын қолдауға, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жыл сайын жаз мезгілінде 70 жастарды жұмыспен қамтуға, «Бастау бизнес» –жобасы арқылы жыл сайын кемінде 40 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдесуге, «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жыл сайын 70 орынға жастарға тәжірибе жинақтауға, «Дипломмен ауылға» жобасы арқылы жыл сайын 10 маманды ауданға тартуға жоспарланып отырғаны айтылды. Сонымен қатар, нақты істер партиясы,- "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырылды.


