«Зиялы қауым өкілдерімен» жобасы
Сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінде «Nur Otan» партиясынан облыстық және Ақтау қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде Анар Шамшадинова екеуміз «Зиялы қауым өкілдерімен» жобасымен бірқатар кездесулерге қатыстық. Бізге батасын беріп, ақ жол тілегендердің бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Сағын Қырымқұлов болды.
Ақтау қаласының, Қарақия, Түпқараған аудандарының және Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Сағын Ерқасұлы саналы ғұмырын туған жерін көркейтуге сарп етіп, сан жылдар мұнай саласында еңбек еткен, бірқатар жылдар "Nur Otan” партиясының және саяси бюро мүшесі болған. 1967-1973 жылдар аралығында «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің Қарақия мұнай, газ барлау экспедициясында коллектор, аға геолог, телім бұрғылау бастығының орынбасары, геология бөлімнің аға геологы, 1973 – 1986 жылдары «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінің геология бөлімінің аға геологы, бұрғылау басқармасының геология бөлімінің бастығы, 1986 – 1994 жылдары «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінде бас директордың орынбасары, геология бөлім бастығы, барлау-бұрғылау басқармасының бастығы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас геологы, 1997 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның президенті ұзақ жылдарғы қалтқысыз қызметі үшін бірқатар марапаттарға ие болып, халық ықыласына бөленген жан. Сағын Ерқасұлы бізге халықтың әлеуметтік жағдайы, жұмыссыздық және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің өзектілігін айтып, ел игілігі жолында талмай еңбек етуді тапсырды.
Ахмет Салманов
