Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзін-өзі қамтыған жастармен кездесу өтті

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Жастар саясатындағы басым сұрақтардың бірі жұмыспен қамту мәселесі. Бүгін, «Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін өзін-өзі қамтыған жастармен кездесу өтті.

Бүгінде жастар саясаты дамудың жаңа кезеңінде тұр. Оның басты мақсаты – жастардың қалыптасуы мен жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін жоғарылату болып табылады.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау мақсатында «Nur Otan» партиясы облысты дамытудың 7 басым бағытын өзінің бағдарламасында айқындаған болатын. Сол 7 бағыттың ішінде «Жастарға арналған аймақ» бағыты бар.

Жастарды дамыту бағыты бойынша алдағы уақытта жыл сайын жастар санынан 20 мыңнан кем емес адамды жұмысқа орналастыру, «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңде кемінде 1 мың жасты жұмысқа орналастыру, Қарағанды және Қарқаралы қалаларында 1 200 орындық 4 студенттік жатақхана құрылысы, жыл сайын өз ісін ашуға және бизнесті енгізуге 100 несие бөлу, жыл сайын 30 волонтерлік жобаны іске асыру арқылы волонтерлік қызмет желісін кеңейту қарастырылған. Нәтижесінде жастар саясаты саласындағы іс-шаралармен 260 мың жастар қамылатын болады.

Осы тақырып бойынша

Өзін-өзі қамтыған жастармен кездесу өтті - Yvision.kz