Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жылымды тәубе деп, бастайын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Жылымды тәубе деп, бастайын,

Сенімге, сенімді, қосайын.

Алламды, қасымнан табайын,

Құранмен иманда, болайын.

 

Аллама, мыңда бір, көп рақмет,

Жылға – жыл қосылды, ғанибет.

Білмесем мен сені, сол қасірет,

Бұл сенім, біз үшін, керемет.

 

Аллама ризамын, мен бүгін,

Мен сенсіз, қалайша, көрдім күн?

Тазарды елімде, қайғы мұң,

Азанмен, қасиетті, шықты үн.

 

Жаратқан ием, кешіре гөр,

Еліме бақытты, бере гөр.

Халқымның көргені, болсын төр,

Тек Алла, сен бізге, сене гөр.

 

Беруде, алуда, өзіңде,

Өмірдің жарығы, сенімде.

Сол жарық, ешқашан сөнбесін,

Ел – жұртым, қиындық көрмесін.

0
1
527

Осы тақырып бойынша