"Жылуды сақтау"
Бүгін партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ж.Мұханбетқалиқызы, А.Сарсенов, М.Мамутовпен «Өзен Жылу» коммуналдық мекемесінің қызметкері Ө.Қыдырбаевпен бірлікте қалалық ауруханалардың жылу жүйесіне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жаңаөзен көп бейінді қалалық ауруханасының жылу алатын қазандықтары автономды түрде жылытады. Жылыту қазандықтарының жұмыс жүйесі жақсы жағдайда, жылу уақытылы қосылған. Рейдтік шара барысында емделушілердің бөлмелерінің жылуын қарау барысында тұрғындар тарапынан ешқандай шағымның жоқтығы, жылу жүйесінің жақсы жағдайда екендігі анықталды.

