«Жылдың үздік жасырын сатып алушысы» конкурсының жүлдегерлері марапатталды
2018 жылдың 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті бастамасымен өткізілген «Жылдың үздік жасырын сатып алушысы» конкурсының жүлдегерлері марапаттау салтанаты өтті.
Байқаудың мақсаты – әкімшілік кедергілерді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін, қызмет көрсетушілердің Этикалық кодексті сақтамауын, қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайдың жоқтығын анықтау.
