Жылайсыңда менімен, қуанасың....
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Pera Classic’s
Бейнематериал авторы – mm guvenen
Өңдеген – Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Тілдесе алам айыммен, қандай бақыт,
Жібересің сен түнде, маған шабыт.
Жылайсыңда менімен, қуанасың,
Аясаңда, кейде ұрысып аласың.
Қарап тұрсам астыңда, бүкіл дүние,
Қандай бақыт, демалып ұйықтағаны.
Ертеңгісін оянып, құлпырғаны,
Бірін-бірі қауышып, табысқаны.
Қуаныштың тәттісін, қалдырма деп,
Сары мұңның дәм-тұзын, асырма деп.
Түсіндіріп жатасың, түнгі айым,
Ала сұрып жатқанда, менің жайым.
Түсінемін, сонда да тұншығамын,
Неге жаным осынша, қырсығады.
Бір күн күлсем, соңынан мың жыладым,
Тұтқын болған жүрегім, нені ашпады?
