Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

⚡️«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Биыл 42 ерікті мен волонтерлер ұйымы жеңімпаз атанды.

✅Марапаттау рәсімінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов волонтерлер коронавируспен күрес кезінде, Арыстағы, Мақтааралдағы, Әулиекөлдегі, Екібастұздағы оқиғалар барысында қазақстандықтарға алғашқылардың бірі болып көмек көрсеткенін атап өтті.

🗣«Волонтерлердің қызметі шынайы патриотизмнің көрінісі саналады. Олар – кез келген қиын жағдайда көмек қолын созатын мейірімді жүректің иелері. Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың белсенді жұмыс істеуі – кемел қоғамның келбеті», – деді А.Оралов.

✅Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, биыл волонтерлерді қолдау мақсатында 255-тен астам шағын грант табысталды.

🗣«Мейірімділік пен қамқорлық – халқымызға тән қасиеттер. Бүгінде елімізде волонтерлер қозғалысы тұрақты дамып келеді. Волонтерлерді ынталандыру және құқығын кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Волонтерлік қызметті қолдау стандарттары әзірленді», – деді министр.

💬«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша «VITA» Павлодар қаласының іздеушілері» ұйымы марапатқа ие болды. Ұйым басшы Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, бұл сыйлықтың мақсаты – волонтерлер қозғалысына мүмкіндігінше көп адамды тарту.

💬«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Олжас Мамыр есімді волонтер марапатталды. Оның айтуынша, еріктілердің басым көпшілігі үшін ең маңыздысы – өзгеге көмектесу.

❔Салтанатты іс-шара барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Ярослав Степанецке, Дамир Абдинге, Дархан Айдарханұлына, Олжас Мамырға, сондай-ақ «VITA» Павлодар қаласының іздеушілер» ҚБ және «Lider.kz Астана волонтерлері» ҚБ өкілдеріне сыйлық табыстады.

0
0
230

Осы тақырып бойынша

⚡️«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды - Yvision.kz