Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жыл сайын мыңнан астам мектеп заман талабына сай жаңартылмақ

✔️Бүгінде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Сондай кезекті кездесулердің бірі Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында жалғасты. Олар алғашқы кездесуін білім саласының өкілдерімен жүздесуден бастады.

✔️Аудан орталығындағы Әйтеке би кенттік клубында 60-қа жуық ұстаздың басы қосылған маңызды кездесуде РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламада қамтылған білім саласына қатысты басымдықтарға тоқталды.

🗣«Елімізде білім саласына ерекше назар аударылып келеді. Балалардың білім алуына жайлы орта қалыптастырылатын болады. Педагог мәртебесінің артуы соған дәлел. Жыл сайын білім ордаларының құрылысы артып, мектеп жасына дейінгі балалар балабақшамен толық қамтамасыз етіледі. Білім саласына құйылған инвестиция – ең құнды инвестиция», - деп атап өтті РҚШ мүшесі Балайым Кесебаева.

🗣«Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен қамту міндетін қойды. Сонымен бірге балаларымыздың қауіпсіздігін басты назарда ұстайтынын, осы ретте барлық балабақшалар қажетті жабдықтармен қамтылатын жеткізді. Нақты бұл істер ертеңгі болашағымыздың сапалы білім алатындығының бірден-бір көрінісі», - деп атап өтті №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Жанат Қуанышқызы.

Бұдан әрі РҚШ мүшелері көлік логистикасының көшін бастаған теміржол саласының қызметкерлерімен кездесті. 150-де аса шойынжолшылармен бірге кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерді дамыту және логистика жайын қызу талқыға салды.

Сондай-ақ, Республикалық қоғамдық штаб өкілдері ауданға сапары барысында Ақсуат ауылдық клубында ауыл жұртшылығымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдағы тұрмыстың жайлы болуы үшін ұсынған шаралары туралы айтып берді.

#Toqaev2022

0
0
174

Осы тақырып бойынша