Жуырда азаматтық қорғау қызметкерлері арасында жиын өтті.
Басқосуда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Б. Қуаналиев, аудан прокуратурасының прокуроры А. Анесов қатысты.
Жиын барысында гарнизонның қызметкерлері ағымдағы жылы мемлекеттік қызметкерлер арасында және құқық қорғау қызметкерлер арасында тіркелген құқық бұзушылық туралы шолумен таныстырды. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің этикасының талаптарын сақтау туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ жиналыста аудан прокуратурасының прокуроры А.Анесов өз тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол берген азаматтар Қазақстан Республикасында қандай жауапкершілікке тартылатынын, әскери азаматтардың жазасы туралы айтты.
Жиынды қорытындылаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы С. Алтаев қонақтарға жиынға қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Қатысушыларға жадынамалар таратылды.

