Жусансай елді мекенінде «Есіктен есікке» акциясы өтті.
Үміткер ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, депутат болған жағдайда ауылдардағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына, ауданның өсіп-өркендеуіне, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, шешу жолдарын қарастыратынын айтты.Жусансайлықтар ерікті жастардың таратқан үгіт-насихат үнқағаздарымен танысып, алдағы сайлауда қалт қалмайтындарын, айтулы партияны қолдауға әзір екендіктерін жеткізді.
